15.11.2018, 8:15 9337 Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен әлемдік сынла үштікке енді

Румынияның Бухарест қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Аманғали Бекболатов салды деп жазады Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Бекболатов қола медаль үшін өткен белдесуде жапон балуанын 8:0 есебімен жеңді. 

Бүгін 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет пен 72 келідегі Қаһарман Қисметов қола медаль үшін күреседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал