15.10.2018, 8:27 7576 Андоррамен өтетін ойынға Исламбек Қуат қатыспайды

Қазақсан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат екінші ескерту қағазын алуына байланысты Андорррамен өтетін ойынға қатыса алмайды,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Латвиямен өткен ойында Исламбек Қуат турнирдегі екінші сары қағазын алған болатын. Сол себепті 16 қазан күні Андоррамен өтетін ойынға қатыса алмайды. Бүгін футболшы алматылық «Қайраттың» қатарына қосылды.

Ал, «Астана» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков ұлттық құраманың қатарына қайта оралды. Андоррамен кездесуде алаңнан қуылған футболшы Латвиямен өткен ойында ұлттық құрамаға көмектесе алмаған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан мен Андорра ойыны 16 қазан күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын елорда уақытымен 22:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал