16.06.2018, 20:54 831 Аргентина – Исландия: Мәскеудегі тең ойын және Мессидің соғылмаған пенальтиі

Аргентина мен Исландия құрамалары әлем чемпионатының топтық кезеңінде тең нәтиже көрсетті – 1:1. Оңтүстік Америка футболшысы Серхио Агуероның соққан голына еуропалықтардан Альфред Финнбогасон жауап берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Айта кету керек, аталған матчта Аргентина капитаны Лионель Месси он бір метрлік айып добын орындай алмай қалды.

Бұл кездесуде Исландия құрамасы әлем чемпионатында дебют жасады.  

Голдар: Агуэро, 19 (1:0). Финнбогасон, 23 (1:1).

Соғылмаған пенальти: Месси, 64 (вратарь).

Аргентина: Кабальеро, Сальвио, Отаменди, Рохо, Тальяфико, Меса (Игуаин, 84), Маскерано, Билья (Банега, 54), Ди Мария (Павон, 75), Агуэро, Месси.

Исландия: Халльдоурссон, Сайварссон, Р.Сигурдссон, Ауднасон, Магнуссон, Гвюдмундссон (Гисласон, 63), Гюннарссон (А.Скуласон, 76), Халльфредссон, Бьяднасон, Г.Сигурдссон, Финнбогасон (Сигурдарсон, 89).

Төрешілер: МАРЧИНЯК, Листкевич, Сокольницки (барлығы Польша елінен).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал