23.04.2018, 16:49 754 «Арлан» жанкүйерлерімен кездесті

Биылғы маусымның жеңімпазы – көкшетаулық «Арлан» хоккей командасы жанкүйерлерімен кездесті,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Чемпиондармен жүздесуді көптен күткен халық облыс орталығындағы мəдениет сарайына лық толды. Үлкендер спортшыларды жеңістерімен құттықтаса, жастар жағы жеңімпаздардан қолтаңба алып жатты. Көкшетаулықтар әрбір ойыншыны жеке-жеке атап, төрге шығарып, тік тұрып құрмет көрсетті. Кездесуде хоккейшілер мен жаттықтырушылар жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп, маусымның қалай өткенін және алдағы уақытта команда құрамының өзгеретіні туралы айтты. Сондай-ақ финалдағы ойындардан үзінді көрсетілді.

Айта кетейік, «Арлан» хоккей командасы ел чемпионатының ақтық сынында астаналық «Номадты» 4:2 есебімен жеңіп, алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал