25.05.2018, 7:31 871 Арман Әшімов М-1 талассыз чемпион атағын қолдан сусытып алды

Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов М-1 талассыз чемпион атағы үшін айқаста украиндық Александр Доскальчукке жол берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 92 халықаралық турнирі Санкт-Петербургте өтті. Аталған турнирдің негізгі жекпе-жегі қазақстандық Арман Әшімов пен украиндық Александр Доскальчук арасында өтті. Бес раундқа есептелген айқас екінші кезеңде аяқталды. Қазақстандық спортшының қолының сынып кетуіне байланысты жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Еске сала кетейік, жекпе-жек шебері Арман Әшімов ақпан айында Санкт-Петербургте M-1 Challenge 87 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетіп, уақытша чемпион атанған болатын.
Ал украиндық боксшы Александр Доскальчук ​​былтыр төрт турнирде жеңімпаз атанды және жеңіл салмақ категориясында M-1 Challenge-дің алғашқы ресми чемпионы болды. Содан кейін ол жарақаттар салдарынан ұзақ уақытқа дейін жекпе-жекке шықпаған.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал