07.04.2018, 16:55 747 Арман Әшімов М1 Challenge чемпиондық белдігі үшін сайысқа шығады

Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов ең жеңіл салмақта М1 Global чемпиондық атағы үшін жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
12 мамыр күні Қытайдың Шеньчжен қаласында аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 91 халықаралық турнирі өтеді. Аталмыш жарыстың басты жекпе-жегінде ұйымның чемпиондық белдігінің уақытша иегері Арман Әшімов M-1 бәсекесінің чемпионы Александром Доскальчукке қарсы шығады.
Осыдан бір жыл бұрын Доскальчук M-1 жарысының ең жеңіл салмақтағы толыққанды жеңімпазы атанған болатын. Алайда ол жарақатына байланысты карьерасында біраз үзіліс жасауға мәжбүр болды.
Осы уақыт аралығында дивизионға қазақстандық жекпе-жек шебері Арман (Мұстафа Өзтүрік) Әшімов шықты. Өте қызықты өткізген 3 кездесуден кейінгі сенімді жеңістерінен соң Арман уақытша чемпион атанды. Енді ол өзінің карьерасындағы ең маңызды жекпе-жекке сақадай-сай отыр.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал