10.03.2018, 11:23 897 Арман Оспанов келесі жекпе-жегін Мәскеуде өткізеді

Ресейлік промоушен АСВ қазақстандық ММА файтері Арман Оспановтың келесі жекпе-жегі кіммен және қайда өтетіндігін хабарлады, деп жазады «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Отандасымыз Арман Оспанов келесі кездесуін ресейлік Акоп Степанянмен өткізеді. Жартылай жеңіл салмақтағы қос мықты 5-ші мамыр күні Мәскеуде АСВ86 турнирінде өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

Естеріңізде болса, Оспанов соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Ресей спортшысы Алексей Полпудниковқа есе жіберген еді. Оның қарсыласы Стенпанян да соңғы ұрысында британдық Эндрю Фишерге жол берді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал