09.08.2018, 17:00 2576 Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді

 

Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездеседі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.  

Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов ресейлік танымал спортшы Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ACB компаниясы өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

ACB 90 турнирі 10 қарашада Мәскеуде өтеді деп жоспарланған.

2017 жылғы желтоқсанда 28 жастағы Оспанов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Алексей Полпудниковке жол берді. Биылғы жылдың мамыр айында Оспанов Ресейдің (25-10) файтері Акоп Степанянмен күресу керек болатын. Өкінішке орай, оның қарсыласы жекпе-жек басталмастан бір сағат бұрын алынып тасталды.

Осы жылдың сәуір айында Расул Алматыда өткен Fight Nights 86 турнирінде ADCC ережелеріне сәйкес қазақстандық файтер Ержан Естановпен кездесті. Бұл жекпе-жекте Мирзаев ұпай бойынша жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, бұрын Мирзаев Естановпен екі рет кездесіп, екеуінде де ресейлік жеңіске жетті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал