24.02.2018, 12:44 878 Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады

Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы дебютын нокаутпен бастады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Рысбек алғашқы кездесуін Киссиммиде (АҚШ, Флорида штаты) өткізді. Қос орта салмақтағы боксшының жекпе-жегі уақытынан бұрын аяқталды. Жерлесіміз бірінші раундта-ақ америкалық қарсыласы Джон Морхаусты нокаутқа түсірді.  

Ұрыстан кейін қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде өзінің алғашқы жеңісі туралы айтты.

«Бұл менің кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісім. Құдайға шүкір! Алда үлкен жеңістер күтіп тұр. Алға, Қазақстан!», - деп жазды Арман өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Арман Рысбек кәсіпқой боксқа дейін «Astana Arlans» клубында жұдырықтасты.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал