27.04.2018, 10:00 647 Армрестлингтен Азия чемпионатында Қазақстан 130 медаль иеленді

Щучье қаласында өткен армрестлингтен XVII Азия чемпионатында қазақстанстандықтар 130 медаль иеленді.
Жарысқа Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Иран елдерінен жиналған 700 жуық спортшы қатысты.
Жарыс жеңімпаздары ерлер арасында 11 салмақ бойынша, әйелдер арасында 7 салмақ бойынша анықталды.
Ақмола облысының құрамасы 13 медаль иеленді. Оның 6-ы алтын, 5-і күміс және 2-і қола. Оның ішінде Дмитрий Шубаба, Андрей Путинцев және Любовь Гергерт оң және сол қолдарының күші мықтылығын дәлелдеп қос-қос алтын медаль иленсе, Дмитрий Тюков, Данил Борисов және Ринат Ахметов күміс, Татьяна Стюхляева және Олег Сазонов қол жүлдегер атанды.
Спортшылар Илья Ильин, Ольга Ильина және Сергей Архиповтың жетекшілігімен жаттығады. Жалпы, ұлттық құраманың қоржынында - 130 медаль бар.
Айт кетейік, армрестлингтен Азия чемпионаты елімізде осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 2008 жылы Өскеменде, 2011 жылы Алматы қалаларында өткізілген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал