29.08.2018, 17:00 9117 Артем Захаров велотректен үздік үштікке енді

Артем Захаров велотректен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Захаров жекелей сында үздіктер қатарына еніп отыр. Қола медаль үшін өткен жарыста жерлесіміз Гонконг спортшысынан озды. 

Бұл қазақстандық велотрекшілердің биылғы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы медалі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал