15.08.2018, 9:15 1223 Ары қарай «Астанасыз». Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің барлық жұптары анықталды

Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңінің барлық жұптары анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Еске сала кетейік, «Астана» Загребтің «Динамосына» жол беріп, Чемпиондар лигасынан қол үзіп қалған еді.

Чемпиондар лигасының барлық жұптары төмендегідей:

БАТЭ (Белорусь) – ПСВ (Нидерланды)

«Янг Бойз» (Швейцария) – «Динамо» (Хорватия)

«Види» (Венгрия) – АЕК (Грекия)

«Бенфика» (Португалия) – ПАОК (Грекия)

«Аякс» (Нидерланды) – «Динамо Киев» (Украина)

«Ред Булл» (Австрия) – «Црвена Звезда» (Сербия)

Раундтың алғашқы матчтары 21-22 тамыз күндері өтсе, қарымта кездесулер 28-29 тамызға жоспарланған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал