27.02.2018, 12:44 721 Аса ауыр салмақтағы балуанымыз 1/2 финалға жетті

Қазақстандық грек-рим стилінің балуаны Антон Савенко (130 кг дейінгі салмақта тіркелген) Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Кореядан келген Сонгджун Лиді атып ұрды. Енді Савенко финалда өзбек спортшысы Муминжон Абдуллаевпен кездесетін болады.

Айта кетейік, біз бұған дейін жартылай финалға Мейрамбек Айнағұлов пен Хусейн Муцольговтың шыққандығын хабарлаған болатынбыз.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал