08.11.2018, 9:42 376 Ашық суда жүзуден әлем кубогы кезеңіне төрт қазақстандық қатысады

9 қараша күні Әбу-Дабиде ашық суда жүзуден әлем кубогі басталады. Аталған додаға әлемнің 40 мемлекетінен 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары да бар. 

Кубоктік додада Қазақсан намысын Виталий Худяков, Кенесары Кененбаев, Лев Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғайды. Олар 10 шақырымдық жарыста бақ сынайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал