28.02.2018, 20:09 1207 Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионы атанды

Қазақстандық грек-римші Асхат Ділмұхамедов (82 кг) Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының чемпионы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Шешуші айқаста отандасымыз жергілікті Атабек Әзізбековты 5:2 есебімен ұтты.

Асхат осымен үшінші рет Азия чемпионатында медаль иеленді. Бұған дейін ол континенталды біріншіліктің 2011 және 2016 жылғы қола жүлдесін жеңіп алған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал