15.07.2018, 12:37 593 Асхат Уәлиханов Голливудта америкалық боксшыны есеңгіретті

Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (2-1, 2 КО) Голливудтағы (Калифорния штаты, АҚШ) Florentine Gardens ойын-сауық кешенінде өткен бокс кеші аясында жекпе-жекке шықты.

Төрт раундқа есептелген айқаста жерлесіміз америкалық Дарел Харристан (1-2-1, 1 КО) басым түсті. Кездесу соңында төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға беруді ұйғарған. Осылайша, Уәлиханов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісін арқалап қайтса, қарсыласы Д. Харрис керісінше үшінші рет сүрінген.

Еске салайық, Асхат өткен жылдың сәуір айынан бері рингке шыққан жоқ. Ол кезде қазақстандық боксшы америкалық Эрик Фаулерді екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Оған дейін никарагуалық Карлос Агилераны (12-50, 5 КО) жеңіп шықса, артынан мексикалық Даниэль Бастьенадан (4-9, 1 КО) ұтылып, бокстан уақытша шеттетілген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал