29.07.2018, 17:12 629 Асхат Жантұрсынов АҚШ-та кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады

Бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсынов кәсіби мансабындағы бірінші жекпе-жегін өткізді.
Ол Остиндегі (АҚШ, Техас штаты) Austin Sports Center ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Отандасымыз Остинде екі рет айқасқан америкалық Майкл Коронадомен (1-1-1, 0 КО) жұдырықтасты. Төрт раундтық жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен Жантұрсыновтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы кәсіби рингтегі жолын жеңіспен бастаса, оның қарсыласы екінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Асхат Жантұрсынов кәсіби боксқа ауыспай тұрып кикбоксингпен айналысқан.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал