01.08.2018, 11:15 1006 «Астана арландары» Азиада қарсаңында алғашқы жиынын аяқтады

Кеше «Астана арландары» мен Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарының қарсаңында алғашқы жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік клубына сілтеме жасап.

Алматыдағы АІВА базасында жаттыққан боксшыларымыз бұл жиында жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлді. Енді 4 тамыз күні боксшылар Азиада аясындағы екінші жаттығу жиынын Астанада бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» – Дүниежүзілік бокс сериясының үш дүркін чемпионы. Биыл да WSB жобасының финалына шықты. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал