28.06.2018, 17:35 801 «Астана арландары» Түркиядағы жиыннан оралды

Түркияда он күндік оқу-жаттығу жиынын өткізген «Астана арландары» боксшылары елге оралды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубына сілтеме жасап.

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін боксшыларымыз Жерорта теңізінің жағалауында WSB финалына дайындалған болатын.

Астанада өткен халықаралық Президент кубогы турнирінен кейін Қазақстан ұлттық құрамасымен бірлесіп, Түркияның Белек қаласына аттанған «Астана арландары» командасының боксшылары Жерорта теңізініі жағалауында 10 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізді. Қиыршық құмда жүгіріп, күнге қыздырынып, бабтарын күйттеген боксшыларымыз кеше елге оралды. Енді команда Дүниежүзілік бокс сериясының финалдық жекпе-жектері өтетін орны мен мерзімі бекітілген соң қайта жиналып, «Куба батырларына» қарсы тыңғылықты дайындықты бастайтын болады. Әзірге боксшылар үйлеріне аттанып, жеке бағдарламалар бойынша жаттығуда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал