24.03.2018, 19:56 782 «Astana Arlans» «Indian Tigers» командасын тізе бүктірді

Бүгін «Astana Arlans» командасы WSB Дүниежүзілік бокс сериясы аясында Үндістанның Рохтак қаласында «Indian Tigers» командасымен кездесу өткізді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

Алғашқы жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов (49 кг) Шиам Кумар Какараны 2:1 есебімен (50:45, 48:47, 47:48) тізе бүктірсе, Нұрсұлтан Қосшығұлов (56 кг) үндістандық боксшы Эташ Хан Мухаммедке есе жіберген болатын - 0:3 (46:49, 47:48, 46:49).

Есесіне Ділмұрат Мижитов (64 кг) Дхеерайдфті 2:1 (50:45, 47:48, 49:46) есебімен жеңді.

75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл жергілікті боксшы Ашиш Кумармен жекпе-жекке шықты. 5 раунда созылған кездесуде қазақ жігіті қарсыласын қуып жүріп сабады. Үш төреші де жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп таныды (49:45,50:45,49:46).

Осылайша ол «Astana Arlans» командасына мерзімінен бұрын жеңіс сыйлады -  3:1.

91 келіге дейінгі салмақта Әбілхайыр Тұрланбек Санджет Санджеттен айласын асыра алмады. Бұл оның дебюттік жекпе-жегі болатын. Осылайша жалпы есеп 3:2 болып аяқталды.

Eске сала кетейік, қос команданың бірінші кездесуі 10 ақпан күні Қарағанды қаласында өтіп, жерлестеріміз 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал