26.10.2018, 2:58 5067 «Астана» Чехиядан бір ұпаймен қайтты

Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші айналымында «Астана» футбол клубы Чехияның «Яблонец» командасымен тең тарқасты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Матчтың 4-ші минутында «Яблонец» ойыншысы Повазанец Ел чемпиондары қақпасының кілтін тауып, есепті ашты. Алайда, «Астана» да көп ұзамай, өз жауабын әдемі голмен қайтара білді. 11-ші минутта Джуниор Кабананга есепті теңестіріп, өз командасына бір ұпай сый етті. Ары қарай таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Айта кетейік, «К» тобындағы елордалықтардың қарсыластары «Ренн» мен «Динамо» кездесті. Өз алаңында француздар Украинадан келген ұжымға 1:2 есебімен жол берді.

«Яблонец» - «Астана» 1:1 (1:1)

Голдар: Повазанец 4 (1:0), Педру Энрике 11 (1:1)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал