19.07.2018, 9:22 687 «Астана» Чемпиондар лигасында қанша табыс тапты

«Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьесканы» (3:0) жеңіп, өз бюджетін толықтырды.

Қазақстандық команда өз алаңында 1:0 (Мұртазаев) есебімен, ал қонақта - 2:0 (Деспотович, Мужиков) есебімен жеңді. «Астана» бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін УЕФА-дан 280 мың еуро, ал екіншіге шыққаны үшін - тағы 380 мың еуро алды. Осылайша, клубтың 2018/19-маусымындағы нақты табысы дәл қазір 660 мың еуроны құрап отыр.

«Астана» өткен маусымда Чемпиондар лигасының плей-офф раундына дейін жетті, алайда шотландиялық «Селтиктен» жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын. Кейін қазақстандық клуб Еуропа Лигасының тобына кіріп, екінші орынға ие болды және плей-оффқа шықты. «Астана» 1/16 финалда португалдық «Спортингке» есе жіберді. Клуб 2017/18-еуромаусымында телеарналық және маркетингтік құқық сатылымын қоспағанда, 8,18 миллион еуро алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал