08.04.2018, 18:57 1043 «Астана» «Енисейден» жеңілді

«Астана» баскетбол клубы Бірыңғай ВТБ лигасында красноярлық «Енисейден» жеңіліп қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 90:76 есебімен ресейлік ұжымның пайдасына шешілді.

Елордалық клуб сапында ең нәтижелі ойынды америкалық Айк Уданох көрсетті – 17 ұпай.

Келесі кездесуін «Астана» сәуірдің 15-і қазандық УНИКСқа қарсы өткізеді.

Фото: pbcastana.kz

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал