19.06.2018, 11:51 1128 «Астана» қақпашысы әлем чемпионатының фавориттерін атады

 

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының қақпашысы Ненад Эрич «SPORTINFORM» САА тілшісіне Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионаты жайлы пікір білдірді.

«Осы жылығы әлем чемпионаты өте тартысты өтіп жатыр. Оны өздеріңіз де байқап жүрген боларсыздар. Мықты деген алып құрамалардың өзі ұпай жоғалтты. Матч аяқталғанға дейін кімнің жеңерін болжау қиын. Футбол деген осынысымен қызық қой», - деп бастады сөзін Ненад Эрич.

Сондай-ақ, ұлттық құраманың ойыншысы өзінің фавориттерін атады.

«Менің ойымша, 21-ші әлем чемпионатының ақтық сыңына Бразилиа, Германия және Франция командалары шығып қалуы мүмкін. Бельгияны да есептен шығаруға болмайды. Олар сенсация жасап, кубокты бастарынан көтеріп жатса таңқалмаймын.

Аргентина мені қатты жабырқатты. Жоғары деңгейлі ойыншыларымен түк бітіре алмады. Месси бастаған жігіттер чемпион атанса деймін. Өз басым Сампаолидің командасына болысамын», - дейді Эрич.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал