24.07.2018, 13:16 740 «Астана» - «Мидтьюлланд» матчына 21 мыңнан астам билет сатылды

УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» және Данияның «Мидтьюлланд» командалары арасындағы бүгінгі ойынға билеттер жылдам сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, ойын бүгін, Астана уақытымен 20:00-де басталады, оны отандық телеарна тікелей эфирден көрсетеді.

«Астана Арена» стадионына 30 000 адам сыяды. Қазірге дейін 21 мыңнан астам билет сатылып үлгерген.

Ойынға Румыниядан келген қазылар төрелік етеді. Бас төреші - Раду Петреску, қапталдағы төрешілер - Раду Гингуляк пен Мирча Григориу, төртінші рефери - Марцел Бирсан.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал