13.06.2018, 18:32 225 «Астана» «Окситания турына» қатысады

Ертең велоспорттан Францияның оңтүстігінде «Окситания туры» көпкүндігі басталады. Төрт кезеңнен тұратын бұл жарысқа «Астана» велоклубы да қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM САА тілшісі «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубына сілтеме жасап.

Бүгін «Астана» аталмыш жарысқа қатысатын құрамын жариялады: Сергей Чернецкий (Ресей), Жандос Бижігітов (Қазақстан), Евгений Гидич (Қазақстан), Морено Мозер (Италия), Бақтияр Қожатаев (Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания) және Никита Стальнов (Қазақстан). Яғни, барлығы жеті шабандоз.

Айта кетейік, көпшілікке «Рут дю Сюд» турнирі ретінде танымал бұл жарыс 1977 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы марқұм Андрей Кивилев «Окситания турында» жеңімпаз атанып, 2003 жылы үздік үштіктен көрінген.

Биыл бұл жарысқа 18 командадан 150-ге жуық шабандоз қатысуға ниетті. Жарыс жолының жалпы ұзақтығы 732,1 шақырым.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал