08.07.2018, 17:53 723 «Астана» Президенттік клубының спортшылары «Сенің жаңа қырың» челленджінің қорытынды жаттығуына қатысты

 

Бүгін Елордамыздың Орталық саябағында «Сенің жаңа қырың» челленджінің соңғы қорытынды акциясы өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік клубына сілтеме жасап.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік даму жобаларының қоры ұйымдастырған бұл флешмобқа «Астана» Президенттік клубының спортшылары да қатысты.

«Астана» футбол клубы сапынан Абзал Бейсебеков пен Сергей Малый қатысса, «Астана арландары» қатарынан Нұрдәулет Жарманов және жаттықтырушы Болат Жұмаділов, «Барыс» хоккей клубының атынан Талғат Жайлауов пен Дамир Рыспаев жастарды салауатты өмір салтына шақырды.

Спортшылар «Сенің жаңа қырың» акциясының аяқталғанына қарамастан барша қазақстандықтарды жаттығуларын тоқтатпауға үндеп, барлық аймақтарға онлайн жүйеде таралған бұқаралық жаттығуға қатысты.

Айта кетейік, Елбасының қолдауын тапқан «Сенің жаңа қырың» челленджі 25 маусым күні мәресіне жетіп, оған 10 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ, акцияға Қазақстанның ғана емес, Өзбекстан, Ресей және Грузия елдерінен де белсенділер ат салысты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал