24.07.2018, 21:57 769 «Астана» соңғы сәтте жеңісті жұлып әкетті

«Астана» өз алаңында Чемпиондар лигасының  екінші іріктеу кезеңінде Данияның «Мидтьюлланд» командасын тізе бүктірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Матч басталмас бұрын қос команданың ойыншылары мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

Қазақстан чемпиондары шабуылды үдетіп, бірінші таймда-ақ Кляйнхайслердің соққысынан кейін есепті ашып үлгерген еді. Алайда, екінші таймның басында қонақтар сапынан Викхэйм есепті теңестіріп кетті. «Астана» матч бойы қарсыласынан басым түссе де өзінің жеңіс сыйлаған голын тек қосымша уақытта соқты. Кляйнхайслер дубль авторы атанып, есепті 2-1 қылды.  

Жауапты кездесу 1-ші тамыз күні өтеді.

Еске сала кетейік, «Астана» іріктеу кезеңінің бірінші айналымында «Сутьескадан» айласын асырған еді.

«Астана» - «Мидтьюлланд» 2:1 (1:0)

Голдар: Кляйнхайслер 31 (1:0), Викхейм 51 (1:1), Кляйнхайслер 94 (2:1).

Барлық суреттер «Астана» ФК ресми сайтынан алынды

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал