24.08.2018, 0:58 1371 «Астана» сырт алаңда АПОЭЛ-ге жол берді

«Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасына жол берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Алаң иелері жерлестерімізге доп ұстатпай, соққыларды қарша жаудырды. «Астана» барынша қорғаныста сақ ойнауға тырысқанымен, ойын аяқталар тұста қақпасына бір допты кіргізіп алды. Гол авторы атанған – Кажу. Матчтағы дәл осы жалғыз гол АПОЭЛ-ге жеңіс сыйлады.

Айта кету керек, бұл матч қос команда арасындағы үшінші кездесу болып тіркелді. 2015 жылы АПОЭЛ мен «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңі үшін таласса, бір жыл өткеннен кейін Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.

Жауапты кездесу 30-шы тамыз күні Астанада өтеді.

АПОЭЛ – «Астана» 1:0 (0:0)

Гол: Кажу 79

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал