29.06.2018, 16:45 623 «Астана» «Тур де Франс» жарысына қатысатын құрамын жариялады

«Астана» велоспорттан әлемнің ең басты жарысы саналатын «Тур де Франс» Гранд-турына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.  

Атақты жарыс 7-29 шілде аралығында Франция және Испания жолдарында өтеді. Велотурнир бір апта бұрын басталуы тиіс еді, алайда, футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатына байланысты мерзімі өзгерді.

Команда құрамы: Магнус Корт, Дмитрий Груздев, Якоб Фульсанг, Омар Фраиле, Танел Кангерт, Йеспер Хансен, Луис Леон Санчес және Михаэль Вальгрен.

Команданың спорт директорлары: Дмитрий Фофонов, Бруно Ченьялта, Ларс Михаэльсен. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал