11.07.2018, 15:55 279 «Астана» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігінде үшінші кезеңді үздіктер қатарында аяқтады

Францияда өтіп жатқан «Тур де Франс» мәртебелі көпкүндігінде «Астана» велоклубы бір шабандозынан айрылды. Дегенмен, команда көшбасшысы Якоб Фульсанг үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі  «Астана» Президенттік клубына сілтеме жасап.

Биыл 105-ші рет өтіп жатқан «Тур де Франс» велобәйгесінде 3 кезең артта қалды. Әзірге «Астананың» көшбасшысы даниялық Якоб Фульсанг жалпы есепте 13-ші орында келеді. Бірінші орында келе жатқан бельгиялық Грег Ван Авермаеттен небәрі 51 секундқа алда. Жарыстың 21 кезеңнен тұратынын ескерсек, барлық тартыс әлі алда. Тіпті, көш басындағы Авермает төмен қарай құлдиласа, таңғалмаймыз. Ал Якоб Фульсанг соңына дейін сары жейдеге таласатын болады.

Дегенмен, өкінішке қарай, «Астана» жарыстың 2-ші кезеңінде бір шабандозынан айрылды. Трасса жиегіндегі қорғанысқа иығымен соғылған испаниялық грегари Луис Леон Санчес бірнеше шабандозбен бірге оқыста құлап кетіп, шынтағын сындырып алыпты. Енді ол жарысты жалғастыра алмайды.

Ал кеше жарыстың үшінші кезеңі өтті. Бұл командалық жарыс болатын. BMC командасы жеңіске жетті. «Астана» үздік сегіздіктен көрінді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал