02.04.2018, 8:08 897 «Астана» велошабандозы жарақат алып қалды

«Астананың» велошабандозы Алексей Луценко «Фландрия туры» кезінде жарақат алған еді. Жедел жәрдем алып кеткен спортшы кейінен командаға оралды. Бұл туралы велокоманданың Туиттердегі парақшасында жарияланды.

Классикалық жарыс 1 сәуірде Бельгияда өткізілді. Тур кезінде Алексей Луценкомен бірге команда спортшысы Михаэль Вальгрен де құлаған еді. Михаэль бірден жарыс сапына оралды.
«Алексей Луценко команда автобусына қайтып келді. Оның еш жері сынбаған, басынан жарақат алмағаны белгілі болды. Алайда спортшының сол қолы мен екі аяғының көп жері сырылған, жараланған. Алексей, тезірек сауығып кетуіңе тілектеспіз», - делінген Туиттердегі келте жазбада.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал