17.02.2018, 1:19 939 «Астана» велошабандозы жеңіске жетті

«Астана» командасының велошабандозы Магнус Корт «Оман Турының» 4-інші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың сайтына сілтеме жасап.
Бельгиялық велошабандоз Грег Ван Авермат жалпы есепте көшбасшы болып қалуда. «Астананың» тағы бір мүшесі Алексей Луценко 2-інші орынға орналасып отыр. Ал «Астана» командасының кезекті өкілі Мигель Анхель Лопес төртінші кезеңнен кейін ең үздік жас велошабандоз классификациясында топ жарды.
Ертең, 17 ақпан күні «Оман Турының» соңғы кезеңі өтеді. Жалпы қашықтығы - 152 шақырым, велошабандоздар «Жасыл Тауға» дейін көтерілуі тиіс болады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал