11.08.2018, 19:22 1239 «Астана» ВТБ-Лиганың бірінші турында ЦСКА-мен ойнайды

Баскетболдан ВТБ-Лиганың жаңа маусым кестесі жарияланды. Оған сәйкес, «Астана» турнирді былтырғы жеңімпаз Мәскеудің ЦСКА-сына қарсы ойынмен бастайды.
Турнир 5 қазан күні «Локомотив-Кубань» - «Зенит» матчымен басталады. Қазақстан өкілі алғашқы ойынын Астанада 7 қазанда өткізеді. Эмиль Райкович командасы сырттағы алғашқы матчында 14 қазан күні Минскіде «Цмоки-Минск» командасымен ойнайды.
Баскетбол додасының регламенті өте қарапайым: 14 команда екі айналымдық (өз алаңында және сырт алаңдағы ойындар) кезеңге қатысады. Оның қорытындысы бойынша үздік сегіз ұжым плей-офф кезеңінде титул жеңімпазын анықтайды. Барлық сериялар «2-2-1» схемасында бір команда үш жеңіске жеткенше жалғасады.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал