09.08.2018, 16:52 1090 «Астана» «Вуэльта» көпкүндігіндегі дайындығын Пиреней түбегінде пысықтады

«Астана» Президенттік клубының құрамына кіретін «Астана» велоклубы Пиреней түбегінде өтіп жатқан «Бургос Вуэльтасына» қатысып жатыр. Бұл мәртебелі «Вуэльта» көпкүндігінің қарсаңындағы басты дайындық жарысы, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубына сілтеме жасап.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден басталған «Бургос Вуэльтасына» биыл 72 жыл. Аракідік үзіліс алғаны болмаса, осы күнге дейін 37-ші туры артта қалған.

Биыл «Бургос Вуэльтасына» әлемнің ең үздік шабандоздарының бәрі тіркеліпті. Бәрі де бұл турнирді «Вуэльта» көпкүндігіне басты дайындық ретінде қарастырып отырғаны рас. «Астана» да Пиреней түбегіндегі бұл жарысқа негізгі шабандоздарын қосқан. Команда капитаны колумбиялық Мигель Анхель Лопес те қатарда.

«Бургос Вуэльтасындағы» «Астана» құрамы:

Пельо Бильбао, Дарио Катальдо, Ян Хирт, Бақтияр Қожатаев, Мигель Анхель Лопес, Никита Стальнов және команда стажері Йонас Грегард Вилсли.

157 шақырымға созылған жарыстың бірінші кезеңін «Астана» шабандозы Пельо Бильбао екінші болып аяқтады. Ал 163 шақырымдық екінші кезеңде «Астана» сапынан ең үздік көрсеткішке Никита Стальнов қол жеткізді.

Алғашқы екі кезеңнен кейін жалпы есепте Йон Аберастури көш бастап келеді. «Астаналық» Пельо Бильбао үздік үштікте болса, команда капитаны Мигель Анхель Лопес әзірге 12-ші сатыда келеді. Дегенмен, жарыстың 11 тамызға дейін созылатынын ескерсек, колумбиялық капитан үшін барлық сынақ әлі алда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал