15.08.2018, 1:55 1354 «Астана» жауапты кездесуде «Динамоға» жол беріп, Чемпиондар лигасынан қол үзді

 

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сүрінген «Астана» футбол клубы енді Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу үшін барын салады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік клубына сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасында «Астананы» Хорватияның ең әйгілі клубы «Динамо» тоқтатты. Өз алаңымызда 0:2 есебімен есе жіберіп, түзде 0:1 есебімен ұтылдық. Дегенмен, «Астана» Президенттік клубының құрамына кіретін команда еурокубоктағы жорығын тоқтатқан жоқ. Роман Григорчук командасы енді Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу үшін барын салады.

Ал қарсыласы ертең Кипр астанасы Никосияда анықталады. Жергілікті АПОЭЛ Израиль чемпионы «Хапоэль Б-Ш» командасын қабылдайды. Беэр-Шевада өткен бірінші кездесуде қос команда 2:2 есебімен тең түскен.

Кипрліктер «Астанаға» жақсы таныс. Еурокубокта өзара төрт рет кездескен. Алдымен 2015 жылы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» бұл команданы тоқтатқан. 2016 жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінде қайта кездесіп, бір-бір жеңістен алмасқан. Жалпы есеп +2=1–1, елордалықтардың» пайдасына. Гол айырмашылығы – 5:4.

 

Ал «Хапоэльмен» кездескен емеспіз. Бірақ, «Астана» еурокубокта Израильдің басқа екі командасымен ойнап, екеуін де тізерлете алған.

 

«Астананың» Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі ойындары 23-ші және 30 тамыз күндері өтеді. Алғашқы матчты жерлестеріміз түзде өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал