04.04.2018, 15:03 941 Астанада белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Түркітілдес елдеріне ортақ спорт түрі қазір елімізде қарқынды дамып келеді. Оған дәлел биылғы ел біріншілігіне 13 аймақтың құрамасы келді. Бас-аяғы 200-ге жуық спортшы 2 күн бойы бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Айта кету керек, қазақстандық қыз-жігіттер соңғы кезде халықаралық, құрлықтық және әлемдік деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әсіресе соңғысынан жыл сайын 1-2 алтын әкелуді дәстүрге айналдырды.

Астанада өтіп жатқан дода ел чемпиондарымен қатар байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелерін де анықтайды. Кейін дәл сол үздіктер Индонезияда өтетін Азия чемпионаты мен Қырғызстандағы «Көшпенділер ойнына» қатысуға мүмкіндік алады.

Астанада белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты басталды. Түркітілдес елдеріне ортақ спорт түрі қазір елімізде қарқынды дамып келеді. Оған дәлел биылғы ел біріншілігіне 13 аймақтың құрамасы келді. Бас-аяғы 200-ге жуық спортшы 2 күн бойы бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Айта кету керек, қазақстандық қыз-жігіттер соңғы кезде халықаралық, құрлықтық және әлемдік деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әсіресе соңғысынан жыл сайын 1-2 алтын әкелуді дәстүрге айналдырды. Астанада өтіп жатқан дода ел чемпиондарымен қатар байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелерін де анықтайды. Кейін дәл сол үздіктер Индонезияда өтетін Азия чемпионаты мен Қырғызстандағы «Көшпенділер ойнына» қатысуға мүмкіндік алады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/231334-astanada-belbeu-k-resinen-el-chempionaty-bastaldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал