06.09.2018, 13:00 1051 Астанада Грузия футболы туралы деректі фильм көрсетілді

Бүгін Астанада УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы ойыны - Қазақстан мен Грузия құрамаларының матчы қарсаңында кинорежиссер Гоги Торадзенің «Біздің футбол» атты деректі фильмі жұртшылыққа көрсетілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Грузия футболы тарихы туралы туынды Миланда өткен халықаралық спорт фильмдері фестивалінің үздігі атанды. Сонымен қатар,  Ташкент қаласында өткен «Кино және телевизиядағы спорт» халықаралық фесивалінде топ жарды. Фильмде мұрағаттан 20 ғасыр мен 21 ғасырдың басындағы ерекше фото-бейне материалдар қолданылған.

Шараға Қазақстан мен Грузия футбол федерацияларының жетекшілері, екі елдің футбол ардагерлері мен спорт журналистері қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы Грузия елшілігі мен грузин диаспорасының өкілдері де жиналды. Қазақстан мен Грузия футболының аңыздары Сейілда Байшақов пен Александр Чивадзе жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, тарихты еске түсірді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал