11.06.2018, 15:25 972 Астанада киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионаты өтеді

2018 жылдың 16-17 маусым күндері «Дәулет» спорткомбинатында, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай  киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кіші жастағы қыздар, ерлер  және әйелдер арасында Ашық Азия Чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық киокушинкай-кан федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша  12 жастан  жоғары  спортшылар 37 салмақта  сынға түседі. Құрлықтық бәсекеге   12 мемлекеттен  250-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда чемпионатқа Иран, Ирак, Үндістан Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Монғолия, Түркіменстан  мемлекеттері қатысатындығын растады.

Жылдың байрақты бәсекесінде ел намысын ерлер арасындағы әлем чемпионы Әлішер Карменов, 2015 жылдың Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Гарас Никита, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабырхан Әлемгүл, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сауытова Мадина сынды еліміздің үздік жас татами шеберлері қорғайтын болады. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал