19.05.2018, 16:11 763 Астанада триатлоннан Әлем кубогының кезеңі өтті

Бүгін Астанада триатлоннан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы дуатлонда франциялық Сандре Доди жеңіске жетті. Екінші орынды оның отандасы Эмиль Мурье иеленсе, үздік үштікті италиялық Анжелика Олмо түйіндеді.

Ерлер арасындағы триатлон сайысында ресейлік Дмитрия Полянский қарсылас шақ келтірмеді. Екінші орында аустралиялық Марсель Волкингтон. Күміс жүлде франциялық Аурельен Рафаэльдің еншісінде.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш жарыс Астанадағы Триатлон орталығында өтті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал