30.07.2018, 15:28 717 Астанада триатлоннан әуесқойлар арасында жарыс өтті

 

Астана тағы да триатлон шеберлерінің жарыс алаңына айналды. Бұл жолы әуесқойлар арасындағы бәсеке өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Оған жергілікті тұрғындармен қатар, басқа аймақтардан арнайы келген спортшылар да қатысты. Бас-аяғы 100-ден аса адам өзара мықтыны анықтады.

Әуесқойларға арналған жарыс болғандықтан оның бағдарламасы әлдеқайда жеңілдетілді. Мәселен, жүзу 750 метрге, вело-жарыс 20 шақырымға, ал, жүгіру 5 шақырымға қысқартылды.

Енді ұйымдастырушылар осындай форматтағы жарыстарды жиі өткізбек. Өйткені, Президенттің 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысу керек деген тапсырмасы бар. Ал мамандар отандық триатлон осы тапсырманы орындауға өлшеусіз үлес қосарына сенімді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал