21.06.2018, 17:46 740 Астанада тұңғыш рет садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтеді

21-27 маусым аралығында Астанада садақ атудан тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты өтеді. Елордамызда өтетін спорттық додаға 9 команда қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Садақ атудан Қазақстан құрамасының жетекшісі Еділ Темірбековтің айтуынша, ел чемпионатынан соң Азия ойындарына қатысатын команда жасақталып, Жазғы Азиадаға тыңғылықты дайындық басталады.

Садақ атудан Қазақстан біріншілігіне Алматы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары, ОҚО, БҚО және Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан келген спортшылар қатысады.

Қазақстандық садақ атушылар биыл Буэнос-Айресте өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды. Былтыр өткен лицензиялық турнирде Александра Воропаева мен Әлихан Мұстафин Олимпиада жолдамасына ие болған.

Бүгінде Алматы облысында орналасқан АІВА бокс Академиясын жанынан садақ атушыларға арнайы база салу жоспарланып жатыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал