27.06.2018, 14:30 1155 Астанада жүлде қоры 20 000 000 теңгені құрайтын ат бәйгесі өтеді

6 шілдеде елорда төріндегі «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен республикалық турнир жалауын көтереді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана кубогі» үшін өтетін ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан – 25 шақырым, бәйге – 16 шақырым) ұйымдастырылмақ. Бәйге түрлерінен «Астана кубогін» сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалалары 2 жүйріктен қоса алады.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 000 000 теңге. 25 шақырымды құрайтын аламан бәйгенің бас жүлдесі – 20 000$-ды құрайды.

Бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған «Астананың 20 жылдығына – 20 ұлттық-спорттық іс шара» кампаниясы аясында ұйымдастырылып отыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал