07.06.2018, 17:28 888 Астаналықтар ӘЧ-2018 ашылу салтанаты мен Ресей-Сауд Арабиясы матчын ашық астында тамашалайды

 

Астаналықтар ӘЧ-2018 аламан додасының ашылу салтанатын және Ресей мен Сауд Арабиясы құрамаларының ойынын ашық аспан астында тамашалай алады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Көрермендеріміздің отандық «Qazaqstan» және «QAZSPORT» телеарналары арқылы ауқымды футбол оқиғаларын көре алатынына қуаныштымыз. Біз әлем біріншілігінің барлық 64 матчын трансляциялаймыз. Бұған дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 6 жылға - 2017 жылдан 2022 жылға дейін 2018 және 2022 жылдары өтетін екі бірдей әлем чемпионатын трансляциялау құқығын алған еді», - деді ол.
Еске сала кетсек, Футболдан 21-ші әлем чемпионаты 14 маусым - 11 шілде күндері Ресейдің 11 қаласында өтеді. Алғашқы матч 14 маусымда Мәскеудегі танымал «Лужники» стадионында өтеді. Топтық кезең 28 маусымда аяқталады, ал финаллық ойын 15 шілдеге жоспарланған. Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысады.

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионатына 4500-ден астам жанкүйер барады деген болжам бар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал