03.03.2018, 8:25 796 Астаналықтар Мадияр Жанұзақты әуежайда күтіп алды

 

Кеше астаналықтар Макаодан (Қытай) жеңiспен оралған жерлесіміз Мадияр Жанұзақты әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі. 

Мадияр Қытайдан кезекті жеңісімен оралып отыр. Жанұзақ 28 ақпан күні Макаода филиппиндік Джон Марк Алиманды жеңіп, IBF B&R Region атағының иегері атанды.

Боксшы өзіне ерекше сый-құрмет көрсетіп, зор үміт артқан отандастарына зор ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, IBF B&R Region белдігі 2017 жылы халықаралық бокс федерациясы (IBF) азиялық промоутерлердің бастамасымен бекіткен болатын. Ол үшін Азия, Еуропа мен Африканың 70 мемлекетінің өкілі өзара бәсекеге түсе алады. Бұл нұсқау бойынша IBF чемпиондары әлемдік бокс рейтингінде көтерілу мүмкіндігіне ие болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал