28.06.2018, 13:19 3383 «Астананың» бұрынғы қарсыласы бір-ақ апта жұмыс істеген бапкерін қызметінен босатты

«Спортинг» Синиша Михайловичтің бас бапкер қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

49 жастағы маман команданы бір аптадай ғана басқарды. Бірақ, оны Лиссабонға шақырған бұрынғы президент Бруну де Карвалью басшылықтан кеткендіктен, клуб келісімшартты бұзуға шешім қабылдады.

Жаңа президент Соуза Синтраның айтуынша, Михайлович клубтың жаңа маусымдағы жоспарына кірмейді. Оған келісімшарт бұзылуына байланысты, 300 мың еуро мөлшерінде өтемақы төленеді.

Еске сала кетейік, «Спортинг» Еуропа лигасында «Астанаға» қарсылас болып, 1/8 финалға берілетін жолдама үшін күш сынасқан болатын. Екі ойын нәтижесі бойынша 6:4 есебімен португалиялықтар келесі айналымға өткен.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал