23.05.2018, 13:32 803 «Астананың» екі велошабандозы Италияда үздіктер қатарынан көрінді

«Джиро д'Италия-2018» веложарысының үшінші аптасы басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА astanaproteam.kz сілтеме жасап.
Апта басында Тренто және Роверето қалалары арасындағы 34,2 километр қашықтыққа дара жарыс болды.
16-кезең қорытындыларына орай «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес жалпы есепте 7-орынға ауысты.
Пельо Бильбао осы кезеңнің жеңімпазы, аустралиялық Роан Деннистен 1 минут 40 секунд артта келіп, мәреге 23-ші болып жетті. Бұл нәтиже оған жалпы есепте бір баған жоғарылап, 8-сатыға көтерілуіне мүмкіндік берді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал