27.04.2018, 14:44 720 «Астана» қатысатын матчтың мерзімі өзгертілді

Премьер-лига клубтары арасында 2018 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының ХХII турындағы «Ақжайық» - «Астана» матчының мерзімі турнир ережесінің 5.19.4 тармағына сәйкес өзгертілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.
 
Еуропаның клубтық турниріне қатысатын Қазақстанның өкілдері Чемпионаттың матчтарын ойын күнтізбесіне арнайы белгіленген уақытқа ауыстыру жөнінде Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына ұсыныс тастай алады.
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігіне «Астана» футбол клубынан команданың УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына жоғарыда көрсетілген матчты 2018 жылдың 11 тамызынан 23 мамырына ауыстыру жөнінде ұсыныс түсті.
«Ақжайық» футбол клубы елордалық команданың ұсынысына қарсы емес екенін дәлелдеді. Осыған байланысты, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі «Ақжайық» - «Астана» матчын 23 мамырға ауыстыру жөнінде шешім қабылдады.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал