03.09.2018, 12:53 1088 Асық ату ойынына тиісті көңіл бөлініп жатыр

 

Қырғыз елінде өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасында асық ату ойыны да тіркелген, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24 телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы бір саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Жомарт Сабыржанұлының айтуынша, бұл – көздің бұлшық етін дамытуға әсер ететін спорт түрі. Елімізде асық атуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Осыдан 7 жыл бұрын аталған ойынның ережелері қабылданған. Ал өткен жылы төл мұрамыз ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мұралар тізіміне енді.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 6 мыңға жуық адам асық ойнайды. Тіпті, асық жинауды мұрат тұтқандар қатарында Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміттілер де бар. Еске салайық, бұған дейін қазақ күресі мен саятшылық өнері де ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мұралар тізіміне енген болатын. Ал дәлдікті ұстамдылық пен ептілікті талап ететін асық ату ойынын енді күллі әлем білетін болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал