25.09.2018, 9:25 894 Асық атудан ел чемпиондары анықталды

Ақтауда ҚР Президентінің жүлдесі үшін өткен VI халық спорт ойындарында асық ату мен бес асықтан үздіктер анықталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа қатысушы саңлақтар 4 күн қатарынан 13 спорт түрінен сайысуда. Алғашқы күні асық атудан көзге түсіп, жоғары ұпай жинағандар тобы анықталды. Бірінші орынды Астанадан келген ел чемпиондары (Мырзамұрат Қайыпбеков, Əділхан Жұмағұлов, Нұрқанат Молжігітов) иеленді, ал күміс жүлдені шымкенттік мықтылар (Шерхан Кенеханов, Бейболсын Мұса, Ақарыс Әлденбек) қанжығаға байлады. Ал, қола медалді Түркістан командасы (Амандос Айтқұлов, Алмас Қарабаев, Мұхит Бәйділдаев) қоржындарына салды.

Жалпы, додаға 14 өңір, 3 қаланың намысын қорғап келген кәсіби және әуесқой спортшылар қатысуда.

Ал, ұлттық ойынның бір түрі - бес тастан үздіктер қатарынан Қостанай құрамасы - 1 орын, Астана құрамасы - 2 орын, үшінші орынды СҚО құрамасы иеленді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал